Әділет Зейнел әйелі ауруханаға түсті деген хабарды әзіл деп қабылдаған

Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот өтіп жатыр. Сотта фельдшер келіншектің күйеуі Әділет Зейнел қайғылы оқиға болған күнді есіне алды.
«…Сағат 11-ге қарай маған ішкі нөмірден хабарласып, «Әйелің №1 ауруханада жатыр. Төменге түсіп Ұлдана екенін растау қажет» деді. Мұны әзіл деп ойладым. Себебі оған дейін хат алмасқан едік. Жұмысымды жалғастыра бердім. Біраз уақыттан кейін анам хабарласып, Ұлдананың ауруханада жатқанын айтты. Содан кейін Ұлдана жатқан қабатқа түстім», – дейді Әділет Зейнел.
Одан бөлек Әділет Зейнел 2026 жылдың 13 тамызы екінші рет үйленгенін айтты.
Айта кетейік, қылмыстық істе бір сотталушы бар. Сәуле Жұбаниязова апат болған тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің төрағасы болған. Әйел қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.