Alatau City Bank мемлекеттен алған қарызын қайтара салып, акционеріне дивиденд төледі

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2017 жылғы қаржы дағдарысы кезінде мемлекеттен 1 трлн теңгеге жуық көмек алған бұрынғы Jusan Bank – қазіргі Alatau City Bank мойнындағы қарызының бір бөлігін қайтара сала, акционерлеріне дивиденд төледі. Жақында банк 125,3 млрд теңге көмекті мерзімінен бұрын қайтарғанын хабарлағаны белгілі

Нарық ретеушілері мемлекетке қарыз банктер акционеріне дивиденд төлегісі келсе, алдымен сондай көлемдегі қарызды қайтаруын міндеттеген болатын.

Соған сәйкес банк 2025 жыл үшін қарапайым акцияларға екінші транш ретінде 95,0 миллиард теңге аударды. Әр акцияға 601,71 теңгеден келеді.

Бұған дейін шілде айының ортасында банк бірінші траншты төлеген болатын. Онда қарапайым акциялар бойынша 3,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Айта кету керек, мамыр айының соңында жалғыз акционер дивиденд төлеуден мүлде бас тартқан еді. Алайда арада бір ай өткенде бұл шешім түбегейлі қайта қаралды. Банк 2024 және 2025 жылдағы таза пайдасынан жалпы сомасы 125 миллиард теңгеге жуық қаражатты бөлуге бел буды.

Дивиденд бөлу шешімін «United Group Alatau» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған. Мекеме заңды тұлға ретінде банктің жалғыз акционері саналады.

Кеңес бекіткен тәртіпке сай, 2024 жылғы таза табыстан 24,6 млрд теңге қарапайым акцияларға бағытталды. Онда бір акцияның құны 150,43 теңге деп белгіленді. Ал 2025 жылдың таза табысынан 98,7 млрд теңге қарапайым акция иелеріне беріледі. Бұл ретте әр акцияға 601,71 теңгеден төленеді.

2025 жылы маусымда Jusan Bank ресми түрде атауын өзгертіп, Alatau City Bank атанды. Содан бір ай өткен соң миллиардер Вячаслав Ким ресми түрде қаржы ұйымын кәсіпкер Ғалымжан Есеновтен сатып алды.  

Сондай-ақ оқыңыз