Балқашта қабаннан қашқан жолбарыс Үміт емес болып шықты (видео)

Іле-Балқаш резерватында суаттауға барған қабанға шабуылдап, оның екпінінен қашқан жолбарыс үш апта бұрын бостандыққа жіберілген Үміт емес болып шықты.
Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде қабан мен жолбарыстың теке-тіресі туралы видео пайда болды. Көпшілік оны биыл 31 шілдеде босатылған Үміт атты жолбарыс деп ойлап қалды. Желідегілер жыртқыштың қабаннан қашқанына таңқалды.
Алайда Экология министрлігіндегілер бейнероликтегі жолбарыс Үміт еместігін мәлімдеп отыр. Дегенмен министрлік видеоның шынымен резерват аумағында 2026 жылы түсірілгенін растады. Алайда бақылау камерасына түсіп қалған жолбарыс Үміт емес, Богдан немесе Кума болуы мүмкін. Бұл екеуі 2024 жылы Нидерландтан Қазақстанға жеткізілген.
Мәліметтерге қарағанда, Богдан мен Кума бұған дейін хайуанаттар бағында өмір сүрген, сол себепті адамның қолынан қорек алғанға үйреніп қалған. Соған қарағанда, қазір Іле-Балқаш резерватында бір емес, үш жолбарыс жүр.
Резерват өкілінің айтуынша, Балқаштағы жолбарыс елдімекенге жақындаған жағдайда тұрғындарға арнайы ескерту хабарламалар жіберіледі.