Доллар бағасы KASE-де 458 теңгеге дейін төмендеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Теңге нығайып келеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

20 тамызда Қазақстан қор биржасында теңге долларға қатысты нығаюын жалғастырды. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша USDKZT_TOM бойынша соңғы мәміле бағасы 458,10 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен шамамен 0,63% төмен.

Сауда барысында доллар 458,10–460,95 теңге аралығында өзгерді. Түске дейінгі сауда көлемі 146,3 млн долларға жетті.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
460,7
463,3
EUR Еуро
536,5
541,5
RUB Ресей рублі
5,31
5,43
¥ CNY Қытай юані
68,7
71,1
KASE-ДЕГІ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USDKZT_TOM
1 АҚШ доллары
458,10
−0,63%
Сұраныс (Ask) 458,20 ₸
Минимум 458,10 ₸
Максимум 460,95 ₸
Сауда көлемі $146,29 млн
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазіргі 458,10 теңгелік деңгей — 28 сәуірден бергі минимум. Сол күні KASE-де доллардың орташа өлшенген бағамы 457,36 теңге болған, ал 29 сәуірде ол қайтадан 461,77 теңгеге көтерілген.

Осылайша, теңге соңғы төрт айға жуық уақыттағы ең мықты деңгейіне жақындады. Дегенмен 20 тамыздағы сауда әлі аяқталған жоқ, сондықтан күннің қорытынды бағамы өзгеруі мүмкін.

Тағы да оқыңыз: Сарапшылар теңгенің нығаюын түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз