Екі жас баласымен балық аулауға шығып хабарсыз кеткен ер адам табылды

Алматы облысында екі жас баласымен балық аулауға шығып хабарсыз кеткен ер адам табылды. Баларының бірі 2 жаста, екіншісі 5 жаста болған.
Өңір құтқарушылары іздеп, отағасы жүргізген көліктің құмды жолда тұрып қалғанын анықтаған. Отбасына дереу көмек көрсеткен.
«112» пультіне 1985 жылы туған ер адамның екі баласымен, 2 және 5 жастағы, бір күн бұрын балық аулауға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру жұмыстары барысында Іле өзені бойынан құмды жолда әрі қарай жүре алмай қалған автокөлік анықталды», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері көліктегі екі баланы эвакуациялап, қауіпсіз жерге жеткізген. Сосын туыстарына тапсырды. Балалар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Мұның алдында Алматы облысында тауға шыққан екі бала адасып кеткен еді.