«Одиссея» кино тарихындағы ең табысты фильмдердің біріне айналмақ
Жарияланды

«Одиссея» фильмі әлемдік прокатта 1,34 млрд доллардан астам қаржы жинады. Кристофер Ноланның туындысы премьерадан кейін бір ай өтсе де, көрермен сұранысын жоғалтпай отыр, деп жазады Kursiv.Media.
Осылайша туынды «18+» рейтингі бар туындылар арасындағы ең табысты фильм атанды. «Одиссея» 2024 жылы 1,33 млрд доллар жинаған «Дэдпул мен Росомаха» фильмін басып озды.
«18+» рейтингіндегі ең табысты фильмдер:
- «Одиссея» (2026) – 1,34 млрд доллар
- «Дэдпул мен Росомаха» (2024) – 1,33 млрд доллар
- «Джокер» (2019) – 1,078 млрд доллар
- «Оппенгеймер» (2023) – 976 млн доллар
- «Дэдпул 2» (2018) – 785 млн доллар
- «Жын перілерді жоюшы жүз: Шексіз қамал» (2025) – 776 млн доллар
- «Дэдпул» (2016) – 782 млн доллар
- «Матрица: Кайта жүктеу» (2003) – 741 млн доллар
- «Ол» (2017) – 702 млн доллар
- «Чайнатаун детективі 3» (2021) – 699 млн доллар
Сарапшылар «Одиссеяның» соңғы кассалық жиыны 1,5 млрд доллардан асады деп болжайды. Егер бұл көрсеткішке жетсе, Кристофер Ноланның туындысы кино тарихындағы ең табысты 15 фильмнің қатарына енеді.
Оқи отырыңыз: «Өрмекші адам» Қазақстан прокатында 1,9 млрд теңге жинады