«Қайрат» Еуропа лигасында «Андерлехттен» 0:3 есебімен ұтылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
«Қайрат» Еуропа лигасында «Андерлехттен» 0:3 есебімен ұтылды / Фото: Қайрат ФК

«Қайрат» УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында бельгиялық «Андерлехтке» 0:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Кездесу 20 тамызда Алматының Орталық стадионында өтті.

Қонақтар бұрыштама добынан кейін екінші минутта-ақ есеп ашып, қорғаушы Жюльен Бьянкон көзге түсті.

24-минутта «Андерлехттің» басымдығын алыстан соққы бағыттаған Лукас Амброс арттыра түсті.

Үзіліске дейін Александр Широбоковтың алаңнан қуылғанынан кейін алматылық команданың жағдайы қиындай түсті. Көп ұзамай бельгиялық клуб үшінші допты соғып, гол авторы Даниил Сикан атанды.

Екінші таймда «Қайрат» азшылықта ойнады, дегенмен жаңа голдар жіберген жоқ. Матч 0:3 есебімен аяқталды.

Карымта кездесу 27 тамызда Бельгияда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз