Қазақстан жылқы етіне байланысты халықаралық стандарт енгізуді көздеп отыр
Жарияланды

Қазақстан жылқы етінен жасалған өнімдерге арналған алғашқы халықаралық ISO стандартын әзірлеуді ұсынды. Бұл бастама 19 тамызда Астанада өткен ет өнімдерінің сапасына арналған форумда таныстырылды, деп жазады Kursiv.Media.
Ұсынылып отырған стандарт қазы, шұжық, жал, жая және басқа да дәстүрлі жылқы өнімдеріне қойылатын ортақ талаптарды белгілейді. Қазір бұл өнімдерге арналған бірыңғай халықаралық стандарт жоқ. Қазақстан стандарт жобасын әзірлейтін халықаралық жұмыс тобына жетекшілік етуге дайын.
Сондай-ақ форумда Қазақстанның халықаралық стандарттау жұмысына қатысуын кеңейту және Қытаймен осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды.