Қазақстанда 72 теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда 72 теміржол вокзалы жөндеуден өтті / Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстанда бүкіл ел бойынша 124 вокзалды реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асқан еді. Бүгінде 72 теміржол вокзалы өайта жөндеуден өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыстар вокзал инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуды көздейді. Бағдарлама аясында ғимараттар мен инженерлік желілер жаңартылып, платформалар мен вокзал маңындағы аумақтар реконструкциялаудан өтеді. Сонымен бірге күту залдары кеңейтіліп, заманауи қауіпсіздік жүйелері орнатылады.

2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша, еліміздің 17 облысында 72 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 15 нысанда жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін бітеді.

Жалпы алғанда, 2026 жылы 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарлануда. Тағы үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталады.

Олардың тарихи-архитектуралық құндылығы бар, сондықтан жұмыстар ғимараттардың бастапқы сәулеттік келбетін сақтауға қойылатын талаптарды ескере отырып, жеке кесте бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз