Қазақстандықтар онлайн сауда арқылы қандай тауарларды көп алады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Электронды сауда үш жылда 50 пайызға өсті
Электронды сауда үш жылда 50 пайызға өсті / Фото: kursiv.media

Қазақстанда электронды сауда қарқынды дамып келеді. Үш жыл ішінде нарық көлемі 3,7 трлн теңгеге дейін өсіп, 50%-дан астам өсімді көрсетті. 2023 жылғы көрсеткіш 2,4 трлн теңгені құраған. Бұл туралы Сауда министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі онлайн-сауданың үлесі 12,7%-дан 14,3%-ға дейін артты.

Нарықтың негізгі драйвері – маркетплейстер

Бүгінде маркетплейстердің үлесіне бөлшек электронды сауданың жалпы көлемінің 86%-ы тиесілі. Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market және басқа да платформалар сауданың жаңа форматын қалыптастырды. Енді сатып алушы қажетті тауарға бірнеше рет басу арқылы қол жеткізсе, кәсіпкер үшін бүкіл ел бойынша миллиондаған әлеуетті клиентке тікелей шығуға мүмкіндік пайда болды.

Интернет арқылы ең көп атылатын тауарлар

Тұтынушылардың сатып алу дағдылары да айтарлықтай өзгеріп келеді. Бүгінде онлайн арқылы тек электроника немесе киім-кешек қана сатып алынбайды.

2025 жылы маркетплейстердегі барлық сатылымның 17,1%-ын телефондар мен гаджеттер, 12,4%-ын киім, аяқ киім және спорт тауарлары, 12,1%-ын үй мен саяжайға арналған тауарлар, 10,3%-ын тұрмыстық техника, ал 7,4%-ын азық-түлік құрады. Бұл электрондық сауданың қазақстандықтардың күнделікті тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Экспресс-жеткізу және Dark Store

Сонымен қатар тауарларды жеткізу тәсілдері де өзгеріп жатыр. Бұған дейін сатып алушы тапсырысын бірнеше күн күтуге дайын болса, бүгінде жекелеген тауар санаттары бойынша экспресс-жеткізу бір сағаттан аз уақытты алады.

Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын жылдам жеткізуді қамтамасыз ететін e-grocery бағыты да қарқынды дамуда. Тек 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бес Dark Store жобасы іске қосылды. Ал тапсырыстарды алуды одан әрі ыңғайлы ету үшін маркетплейстер 2 300 жаңа постамат орнатты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда AliExpress, Amazon және Temu-дан зат сатып алу ережесі өзгереді


Сондай-ақ оқыңыз