Стендапер Ғалым Қалиақбаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Стендапер Ғалым Қалиақбаровтың 21 тамызда Алматыда өтенін концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары хабарлады.
Сонымен қатар Central standup Almaty стендап-клубының ресми парақшасында да концерттің өтпейтіні туралы ақпарат шықты.
«Іс-шара ұйымдастырушыларға тәуелсіз себептермен тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Барлық сатып алынған билеттердің ақшасы толық көлемде қайтарылады», – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Кеше, 19 тамызда Ғалым Қалиақбаровтың Астанадағы концерті тоқтатылған болатын.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, ұйымдастырушылар іс-шараның өтетіні туралы 10 күн бұрын ескерту керек еді. Яғни, концерт ресми түрде келісілмеген.
Стендапертің өзі оқиғаға байланысты әлі пікір білдірген жоқ.