Жаңа Kia Sportage-дің дизайны өзгеріп, гибридті нұсқаларға көшеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
KIA
Kia, Kia Sportage
Фото: thekoreancarblog.com, бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Kia Sportage-тің алтыншы буыны жол сынақтары кезінде байқалды. Жаңа кроссовердің дизайны Kia EV5 үлгісінде жасалып, доңғалақ базасы ұзартылады және көлікке 20 дюймдік дөңгелектер орнатылады. Бұл туралы The Korean Car Blog жазды.

Sportage көлемі үлкейеді

Жаңа модельдегі негізгі өзгерістердің бірі – доңғалақ базасының ұзаруы. Сынақ үлгісін өлшеу барысында оның базасы шамамен 2790 мм болған. Қазіргі модельде бұл көрсеткіш – 2755 мм.

Дереккөздің мәліметінше, базаның 35–40 мм-ге ұзаруы артқы қатардағы жолаушыларға арналған кеңістікті көбейтіп, жүксалғыш көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңалық – Michelin шиналары тағылған 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер. Қазіргі Sportage моделінде дөңгелектердің ең үлкен өлшемі 19 дюймді құрайды.

Фото: thekoreancarblog.com

Алдыңғы бөлігі Kia электромобильдеріне ұқсайды

Капот пен алдыңғы бөлігінің дизайны Kia EV5-ке ұқсайды. Тік орналасқан күндізгі шамдар төменгі бөліктегі негізгі фаралармен жалғасады.

Сынақ үлгісінде көліктің алдыңғы бөлігінің сериялық нұсқасына тән элементтері де пайда болған. Тор көлік түсімен бірдей боялған. Оның ортасында жан-жақты шолу камерасы, ал төменгі бөлігінде алдыңғы радар орналасқан. Тік фараларда проекторлар бірінің үстіне бірі орналастырылған.

Артқы бөлігінде пішіні қарапайым тік шамдар пайда болады. Ал бұрылыс шамдары бамперге орналастырылады.

Салонда Pleos экраны пайда болады

Камуфляждың пішініне қарап, жаңа Pleos Connect мультимедиялық жүйесі орнатылуы мүмкін деген болжам бар. Оның 17 дюймдік экраны және жаңа рульі болады деп күтіледі.

Әзірге салонның нақты дизайны ашылған жоқ.

Sportage гибридті нұсқаларға көшеді

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Еуропа мен Корея нарығында тек іштен жанатын қозғалтқышпен жүретін Sportage нұсқаларынан бас тартпақ. Модельдер қатарында MHEV, HEV және PHEV гибридті жүйелері болады.

Ал АҚШ нарығында мұндай стратегия қарастырылмаған.

Компанияның гибридті нұсқаларға басымдық беруіне мұндай көліктерге сұраныстың артуы және толық электрлі көліктерге қызығушылықтың бәсеңдеуі себеп болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: Kia Chevrolet Cobalt бағасымен бірдей арзан электрлі кроссовер шығарды

Сондай-ақ оқыңыз