22 тамызда Арқалық әуежайы алғашқы ұшағын қабылдайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Арқалық әуежайы
Арқалық әуежайы / фото: www.instagram.com

Қостанай облысында Арқалық әуежайының жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

2024 жылдың желтоқсанында әкімдік әуе айлағын 20,7 миллион теңгеге сатып алған болатын. Ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары 2025 жылы басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары қайтарылған активтер есебінен аяқталды.

Құмар Ақсақалов әуежайдың барлық қажетті сертификаттарын алғанын атап өтті.

«Арқалық әуежайы CRJ200 үлгісіндегі аймақтық жолаушылар әуе кемелерін (Bombardier ұшағы) қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге дайын. Өткізілген байқау қорытындысы бойынша әуе бағыттарының жеңімпазы болып SCAT әуе компаниясы анықталды. 22 тамызда алғашқы рейсті қабылдау жоспарланған», – деді әкім.

Әуежай әр сейсенбі сайын келесі бағыттар бойынша рейстерді қабылдайды және ұшырады:

  • Алматы – Арқалық: 08:50 – 10:50;
  • Арқалық – Қостанай: 11:50 – 12:40;
  • Қостанай – Арқалық: 13:40 – 14:30;
  • Арқалық – Астана: 15:30 – 16:20;
  • Астана – Арқалық: 17:50 – 18:40;
  • Арқалық – Алматы: 19:40 – 21:35.

Әр сенбі сайын:

  • Алматы – Арқалық: 08:40 – 10:40;
  • Арқалық – Қостанай: 11:40 – 12:30;
  • Қостанай – Арқалық: 13:30 – 14:20;
  • Арқалық – Астана: 15:15 – 16:05;
  • Астана – Арқалық: 17:35 – 18:25;
  • Арқалық – Алматы: 19:25 – 21:15.

Бұған дейін, 12 тамызда Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды ресми түрде берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз