290 млн теңге салық төлеуден жалтарған күдікті Ресейде ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды / Фото: Shutterstock

Бас прокуратура 290 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды kursiv.media.

Анықталғандай, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін 100 млн теңгеден астам қаражат жымқырған алаяқ Грузиядан Қазақстанға жеткізілген еді. Ол Кипрден пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен Қазақстан азаматынан 100 млн теңгеден астам ақша алған.

Сондай-ақ оқыңыз