Алматыда бір күндік тіркеуге тұруға болады

Алматыда 23 тамыз, Құрылтай сайлауында бір күндік тіркеуге тұруға болады. Бұл қызмет тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтарға арналған.
Ол үшін қаладағы 221 сайлау учаскесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс істейді. Олар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін сайлаушыларды қабылдап, дауыс беру үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады.
Ескерту керек, тіркеу тек бір тәулікке ғана жарамды және келесі күні автоматты түрде жойылады. Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар болса, сол мекенжай бойынша сайлау учаскесінде дауыс береді.
23 тамыз елде Құрылтай сайлауы өтеді. Сайлаушылар Құрылтай құрамында болуы керек жеті саяси партияның біріне дауысын береді.
Оқи отырыңыз: 23 тамыз құрылтай сайлауы: одан кейін не болады