Алматыда ер адам қайын енесін зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы қаласында ер адам қайын енесіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілініп отыр, деп жазады Kursiv.Media.

Күдікті 17 тамызда 1961 жылы туған қайын енесінің үйіне шай ішпек болып келген. Туыстарының айтуынша, ол әйелдің дәрменсіз күйде екенін көріп, оған қарсы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген полиция департаментінің ақпаратында.

Айта кететін жайт, арызды жәбірленушінің қызы – күдіктінің әйелі жазған.

Мұның алдында Қытайдан келген инвесторды зорлады деген күдікпен мәслихат депутаты қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз