Астанада бірнеше көше жабылып, автобус маршруты өзгереді

Астанада Жетіген көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Kursiv.Media елорда әкімдігіне сілтемемен
Алаш тасжолынан Пушкин көшесіне дейінгі аралықта жол жабынына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бұл учаскеде көлік қозғалысына толық шектеу қойылады:
- 21 тамыз сағат 21:00-ден 22 тамыз сағат 7:00-ге дейін;
- 22 тамыз сағат 21:00-ден 23 тамыз сағат 6:00-ге дейін.
Кептеліс пайда болмауы үшін жөндеу жұмыстары түнде жүргізіледі.
Бұған қоса, бірнеше автобус бағыты өзгереді: 9, 10, 23, 33, 83 бағыттағы автобустардың бағыты өзгереді.
Сонымен қатар елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс шектеуі ұзартылды. Бұл учаскеде 16 шілдеден бастап Бағанова көшесінен Ұлы Далаға дейінгі Төле би көшесін салу аясында жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аралықта қозғалыс 20 тамызға дейін толық жабылған болатын. Енді шектеу 28 тамызға дейін ұзартылды.
Жүргізушілерге балама бағыттарды пайдалану ұсынылады:
- Тұран даңғылынан Е 54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін;
- Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне дейін.