Аяғы құбырға қысылып қалған бір жастағы бала құтқарылды

Алматы облысында құтқарушылар бір жастағы баланы металл конструкциядан босатып алды.
«112» хабарлауынша, құтқару операциясы 1 сағатқа созылған.
Оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған. Бір жастағы баланың аяғы дәретхана конструкциясының құбырына қысылып қалған. Туыстары дереу құтқарушыларды шақыртқан.
«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Баланың аяғы өздігінен босатуға мүмкіндік бермейтін жағдайда қысылып қалған. Құтқарушылар аса сақтықпен әрекет етті. Арнайы металл кесетін қайшылардың көмегімен құбырды біртіндеп кесіп, баланың аяғының айналасындағы кеңістікті ұлғайтты», – делінген хабарламада.
ТЖД ақпаратынша, құтқару жұмыстары бір сағаттан астам уақытқа созылды. Бала жарақатсыз босатылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.
Алматы облысында екі жас баласымен балық аулауға шығып хабарсыз кеткен ер адам табылды. Баларының бірі 2 жаста, екіншісі 5 жаста болған.