Елена Рыбакина әлемнің бірінші теннисшісі болу мүмкіндігін жіберіп алды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Елена Рыбакина
Елена Рыбакина US Open-де рейтингтің жоғарғы сатысына көтерілуі мүмкін / фото: Reuters

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі ірі турнирді жарақатына байланысты аяқтай алмады. Ол ширек финалда Ига Швентекке қарсы ойынды жарақатына байланысты доғаруға мәжбүр болды.

Әлемнің бірінші теннисшісі атану үшін Рыбакинаға осы турнирде финалға шығуы керек еді. Алайда ол 1/4 финалдағы ойын барысында жарақаттанып, жарысты уақытынан бұрын тоқтатты. Рыбакина мен Швентек арасында матч бар болғаны бес геймге созылды. Ойын 4:1 есебімен аяқталды.

Матчтан кейінгі баспасөз конференция Рыбакина тобығы ауырсынып, аяғын бас алмай қалғанын мәлімдеді. Ол алдағы ірі жарыстарқа қатыспауы да мүмкін.

Айта кетейік, Еленаның әлем рейтингінде бірінші орынға көтерілу мүмкіндігі әлі де жоғары. Қазақстанның бірінші теннисшісі қазір осы маусымда жинаған ұпай саны жөнінен бірінші орында тұр – 5492. Оның басты қарсыласы – Арина Сабаленка биыл 5185 ұпай, ал Мирра Андреева 5184 ұпай жинаған. Рейтинг көшін кім бастайтыны US Open, яғни АҚШ-тың ашық біріншілігінде мәлім болады.

27 жастағы Рыбакина әлем рейтингінде екінші орыннан жоғары көтерілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз