Франция ресми түрде эвтаназияға рұқсат берді

Франция ресми түрде эвтаназия жасауға рұқсат берді. Бірнеше жыл талқылағаннан кейін ел президенті Эмманюэль Макрон заңға қол қойды деп жазады Le Figaro.
Заңға сәйкес, бұл құқықты Францияның кәмелетке толған азаматтары немесе елде тұрақты тұруға рұқсаты бар тұлғалар пайдалана алады.
Науқас:
- жазылмайтын, асқынып кеткен ауыр дертке шалдыққан болса,
- адам шыдамайтын физикалық азапты бастан кешіп жатса,
- өз шешімін саналы түрде қабылдауға қабілетті болса ғана эвтаназия жасауға рұқсат бар.
Ереже бойынша, емделуші препаратты медицина қызметкерінің қатысуымен өзі қабылдауы керек. Егер науқастың физикалық мүмкіндігі болмаса, препаратты дәрігердің өзі енгізе алады.
Дегенмен заңның қабылдануы француз қоғамында түрлі пікір туғызды. Діни ұйымдар мен кейбір медициналық қауымдастық өкілдері бұл бастамаға түбегейлі қарсы шықты. Мәселен, Жером Лежен қоры бұл шешімге наразылық білдірсе, «Les Éligibles et leurs aidants» қауымдастығы жаңа заң қоғамдағы ең осал топтар үшін қауіпті деп мәлімдеді.
Айта кетейік, заң жобасы Францияда бірнеше жыл бойы талқыланды. Макронның бастамасымен алдымен бұл мәселе бойынша азаматтық жиын өтіп, кейін құжат парламентте ұзақ уақыт бойы қарастырылған.