Миллионер Кеңес Рақышев өз компаниясынан 17 млн теңге сыйақы алды
Жарияланды

Миллионер Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Group компаниясы топ-менеджеріне 2025 жылы 17,4 млн теңге төлеген. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.
17,4 млн теңгеге компания басшылығының былтыр алған жалақысы мен бүкіл боныстары кіреді. Қор биржасында компанияның бірінші басшы ретінде Кеңес Рақышевтың өзі көрсетілген.
Холдингтің қаржы есебіне сүйенсек, компания 2025 жылы 16,78 млрд теңге таза пайда алған.
Forbes журналының дерегі бойынша Рақышев Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер тізімінде 27-орында тұр. Оның байлығы 402 миллион АҚШ долларына бағаланған.
Кәсіпкер «БТА» АҚ мен Fincraft Resources компанияларына дәл осы Fincraft Group арқылы иелік етеді.