Миллионер Олег Новачук инвестициялық компаниясынан қосымша дивиденд алды

Миллионер Олег Новачук Finaccord Limited инвестициялық-қаржы компаниясынан 2025 жыл үшін тағы да дивиденд алды. Бір акцияға шаққанда 72,8 мың теңге төленген. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасындағы хабарламасында жазылған.
Finaccord Limited компаниясы 2025 жылы 18 млрд теңгеге жуық таза пайда алған. Соның 1,16 млрд теңгесі бұған дейін дивиденд ретінде төленген.
Енді жалғыз акционер қалған 16,8 млрд теңге бөлінбеген таза пайдадан 1,45 млрд теңге қосыша дивиденд алуды ұйғарған.
Жеке компания толығымен кәсіпкер Олег Новачуктың иелігінде. Новачук 2007 жылдан бері KAZ Minerals PLC басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ KAZ Minerals-тың 36,5% акциясына иелік етеді.
Сонымен қатар Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер қатарында. Оның байлығы 388 млн долларға бағаланып, 30 орында тұрақтаған.