Назарбаев әуежайының басшылары қанша жалақы алған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Назарбаев әуежайының басшылары қанша айлық алды / Фото: shutterstock

Астана қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» былтыр топ-менеджерлеріне 146,2 млн теңге төлеген.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, компания басшылығының 2025 жылы алған сыйлықақысы бір жылда үштен бір есе өскен. 2024 жылы топ-менеджерлерге берілген сыйлықақы 108,3 млн теңгені құраған.

Әуежай 2025 жылға дейін араб инвесторының басқаруында болғаны белгілі. Сол жылы желтоқсанда әуежайдың басшылық құрамы өзгерді. Басқарма төрағасы лауазымынан Әлжапар Юсуп Рашед кетіп, оның орнына Бекен Сейдахметов тағайындалған.

Сонымен қатар басқарма құрамында Асқар Искужин, Руслан Пыштанов пен Марат Төлешов болған. Қазір олардың қатары жеті адамға жетті.

Астана әуежайы қалалық әкімдікке қарайды. 2023-2025 жылдар аралығында әуежай араб компаниясына сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда келісімшарт мерзімі ұзартылмаған.

Жақында әуежайдың авиаотын жеткізушілерден заңсыз алым жинағаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз