Перуде қуатты жер сілкінісі болды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Дүмпулер Латын Америкасындағы елдерді әбден әбігерге салды / фото: Shutterstock

20 тамызда Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 бірлік болатын қуатты жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, дүмпу ошағы Анд тауларындағы Анисо қаласынан солтүстік-батысқа 31 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуі 99 шақырым тереңдікте болған. Соған байланысты айтарлықтай зардабы тимеді.

Үреуленген халық көшеге шыққан. Бастапқыда полицияның бас инспекторы жер сілкінісінің магнитудасын 7,2 бірлік деп хабарлаған, бірақ кейін дүмпу қуатының одан төмен екені анықталған.

Перу Тынық мұхиты отты шеңберінің ішіне кіреді. Әлемдегі сейсмикалық белсенділіктің шамамен 85%-ы осы сақина ішінде болады.

Айта кетейік, кейінгі уақытта Латын Америкасында қайта-қайта жер сілкініп жатыр. Бұған дейін Венесуэлада 7,5, одан кейін Колумбияда 7,4 балдық зілзала болып, көптеген адам қаза тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз