Қарағандыда ер адам әйел киімін киіп, жасөспірімдермен таныспақ болған

Қарағандының 56 жастағы ер адамы әйел киімін киіп, TikTok желісінде стримге шыққан. Полиция оның әрекетін заңға қайшы деп тауып, тергеу изоляторына қамады.
Құзырлы орган дерегінше, Еркен Жантықпаев есімді азамат бұрыннан TikTok-та танымал. Ол әйелдер киімін киіп, стримге шығып билеп, түрлі қылықтар жасаған. Онымен тоқтамай, әйел адамның атымен жасөспірімдерге хат жазып, таныспақ болған.
Полиция 56 жастағы Жантықпаевты ұстап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды, ресми ескерту жасады.
Қазіргі уақытта Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Полиция оның бақылауда болатынын да атап өтті. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасуда. Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, неғұрлым қатаңға жауапқа тартылуы мүмкін.
Соңғы уақытта полиция әлеуметтік желіге мониторинг жасауды қолға алды. Заңға қайшы әрекет жасаған блогерлерді жазаға тартып та жатыр. Сондай стримердің бірі «Золотая женщина» лақап атымен танылған блогерге жауапқа тартылып, емдеу үшін психикалық орталыққа жатқызылған. ТikTok платформасы үш айда Қазақстан аумағындағы заңға қайшы деген 1,5 млн видеоны бұғаттады.