Тоқаев Құрылтай сайлауы алдында үндеу жасайды
Жарияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 тамызда Құрылтай сайлауы алдында халыққа үндеу жасайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Президенттің үндеуі республикалық телеарналардан сағат 19:00-де көрсетіледі.
Сөйлейтін сөзінің мазмұны туралы басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.
Бұдан бұрын Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтетінін, оның қорытындысы бойынша 145 депутаттан тұратын жаңа бірпалаталы парламент құрылатынын жазған едік. Мандаттар үшін жеті партиядан 545 кандидат бақ сынайды, ал қолданыстағы үкімет сайлаудан кейін жаңа Құрылтай құрамының алдында өз өкілеттігін тапсырады.