Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында дебют жасауы мүмкін: ойынды қайдан көруге болады
Жарияланды
(жаңартылды )

Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев өзінің жаңа клубы «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізуге жақын. 23 тамыз күні Чемпионшиптің екінші туры аясында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвичпен» кездеседі.
Кездесуді сағат 16:00 да Setanta Sports арнасынан және Кинопоиск платформасынан тікелей эфирде көруге болады.
Еске сала кетейік, Дастан Сәтбаев «Бернли» клубына аренда құқығымен ауысқан болатын. «Бернли» Чемпионшиптің жаңа маусымын «Вест Хэмге» қарсы ойынмен бастап, 2:2 есебімен тең түсті. Бұған дейін Дастан «Бернли» ойыншысы ретіндегі өзінің алғашқы сұхбатын беріп, жаңа командадағы жоспарларымен бөліскен еді.