Магистратура гранттарының нәтижесі 24-тамызда жарияланады

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
Министрдің айтуынша, биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 мыңға артық.
Үміткерлер арасында ең жоғары сұранысқа ие болған білім беру бағыттары: «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»
Нәтиже қай күні және қайда жарияланады?
Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады.
Грант иегерлерінің тізімін келесі дереккөздерден қарауға болады:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің парақшалары:
- Telegram: SayasatNurbekOfficial
- Facebook: Sayasat Nurbek
- Instagram: @sayasatnurbek
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:
- Ресми сайт: gov.kz
- Telegram: gylym_jogary_bilim
- Facebook: gylym.jogarybilim
- Instagram: @gylym_jogarybilim
Қабылдау мерзімі
Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖОО) қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.