Алматы тұрғыны толтырылған бюллетеньді жариялағаны үшін жауапқа тартылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Алматы тұрғыны толтырылған бюллетеньді жариялағаны үшін жазаланды
Алматы тұрғыны толтырылған бюллетеньді жариялағаны үшін жазаланды / фото: Серикжан Ковланбаев

Алматы тұрғыны сайлау күні толтырылған бюллетеньнің суретін әлеуметтік желіде жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратура мұндай жазбаны үгіт-насихат жүргізуге қойылған тыйымды бұзу деп бағалады. Бұл туралы Бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов мәлімдеді.

Айтуынша, әйел толтырылған бюллетеньнің суретін жариялап, дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған талапты бұзған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша айып тағылды.

«Алматы тұрғыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол өз кінәсін мойындап, жазбасын өшірді. Осыған байланысты біз азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға тағы шақырамыз», – деді Ерлан Жанпейісов.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Азаматтар әлеуметтік желілерде таңдауы белгіленген сайлау бюллетеньдерін жарияламауға шақырды.

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алып, өз дауысын берді.

Сондай-ақ оқыңыз