Астанада құрылтай сайлауы күнінде 25 нәресте дүниеге келді

Астанада 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елорда перзентханаларында бірнеше отбасы дүниеге келген сәбиін қарсы алды.
Елордадағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, бұл күні 25 сәби дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.
Әрбір отбасы үшін баланың дүниеге келуі – ең маңызды әрі көптен күткен сәттердің бірі. Бұл күн 25 елордалық отбасы үшін ерекше күнге айналды.
Елордадағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері бүкіл ел бойынша ашылды, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.