Елдегі барлық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Елдің 20 өңірінде 10 363 сайлау учаскесі сағат 07:00-де жұмысын бастады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Бұл ретте 107 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды. Мұндай шешімді аумақтық сайлау комиссиялары қабылдады.
Дауыс беру Қазақстаннан тыс аумақтарда да басталды. Бұл уақытқа дейін 16 мемлекетте 19 учаске ашылды.
Барлық тізімдерге 12 605 788 сайлаушы енгізілді. Оның ішінде 17 132 адам өзінің тұрған жерінен тыс жерде дауыс беруге мүмкіндік беретін есептен шығару куәлігін алды.
Сайлауда барлығы 10 423 сайлау учаскесі қарастырылған, оның ішінде 61 мемлекетте 79 учаске бар.

ОСК хабарлағанындай, бір сағаттан кейін Сыртқы істер министрлігі шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы қосымша ақпарат ұсынады.
Сағат 10:00-ден бастап Орталық сайлау комиссиясы әр екі сайын сайлаушылардың келуі туралы жедел деректерді жариялап тұрады.
Бұған дейін Сеул мен Токиода Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беріп жатқанын жазған едік.