Ерлан Қарин құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Жарияланды

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы сайлау учаскесіне келіп, құрылтай сайлауында дауыс берді.
Оның дауыс беру рәсімі Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында орналасқан №129 сайлау учаскесінде өтті.

23 тамызда бір палаталы жаңа Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды.
Сайлау учаскелері бүкіл ел бойынша ашылды, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.