«Өз таңдауымды жасадым»: Тамара Асар құрылтай сайлауында дауыс берді

Әнші Тамара Асар Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін Астана қаласындағы №274 сайлау учакесіне барып өз таңдауын жасады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол дауыс беруге жалғыз емес, өзінің жолдасымен бірге барған.
«Біз өз таңдауымызды жасадық«, – деп қысқа қайырды Тамара Асар.
Бұған дейін «Қазақстан Халық партиясы» құрылтай депутатты болуға 72 кандидатты тіркеді. Ішінде әнші Тамара Асар мен Аша Матай атымен белгілі Ақбота Асқарбекова да бар.
Кейін, 17 шілдеде Тамара Асар 50 жас мерейтойына орай президенттен құттықтау хат алғып, мемлекет басшысына алғыс айтқан еді.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Республика бойынша 10 423 сайлау учаскесі, оның ішінде 61 шет мемлекеттегі 79 учаске жұмыс істейді.