Қарағанды облысының жұмысшылары өндіріс орнында дауыс беріп жатыр

Қарағанды облысының жұмысшылары өндіріс орнында дауыс берді. Бұл туралы Facebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев хабарлады.
Айтуынша, облыста сайлауға қатысу әрбір тұрғынға қолжетімді және ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған.
«Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың төртеуі алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысын бастады. Екеуі Qarmet- те, қалғандары Балқаштағы Kazakhmys Smelting пен Нұра ауданындағы «Шұбаркөл көмір» – де ашылды. Бұл жұмысшыларға өндірістен шықпай-ақ өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп жазды ол.
Сонымен бірге ол бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін еске салды.
«Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз бұл үдеріске өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл күн жастарымыз үшін де маңызды. Сіздер болашақтарыңыз үшін дауыс беріп, азаматтық жауапкершілік таныта аласыздар», – деді облыс әкімі.
23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Республика бойынша 10 423 сайлау учаскесі, оның ішінде 61 шет мемлекеттегі 79 учаске жұмыс істейді.