Қазақстан азаматтары алғашқы болып Сеул мен Токиода дауыс беріп жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
фото: СІМ

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде Құрылтай сайлауына арналған сайлау учаскелері біртіндеп жұмысын бастады. Алғашқы болып Сеул мен Токиодағы саулау учаскелері өз жұмысы бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде 422 және Токиода 425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.

«Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын», – деді Ажар Каримжанова.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда құрылтай сайлауы басталды. Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

Сондай-ақ оқыңыз