Құрылтай сайлауы: мәтіндік трансляция

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
құрылтай сайлауы
фото: Асқар Ахметуллин

Президент дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Кейін Президент бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.

«Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4,6 миллионнан астам адам дауыс берді

Жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады.

фото: Орталық сайлау коммисиясы

Тамара Асар құрылтай сайлауында дауыс берді

Әнші Тамара Асар Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін Астана қаласындағы №274 сайлау учакесіне барып өз таңдауын жасады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол дауыс беруге жалғыз емес, өзінің жолдасымен бірге барған.

«Біз өз таңдауымызды жасадық«, – деп қысқа қайырды Тамара Асар.

Бақытжан Базарбек Құлан ауылына көшті

Экс-депутат Бақытжан Базарбаев Жамбыл облысындағы Құлан ауылына көшіп барғанын мәлімдеді. Ол жол апатынан қатты зардап шегіп, комаға түскен Нұржігіт көзін ашпайынша осы ауылда тұрады.

Алматы қаласының тұрғыны екеніне қарамастан, Бақытжан Базарбек Құлан ауылындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Жақында ғана жол апатына ұшыраған бұрынғы депутат себебін былай түсіндірді:

«Ауыр халде жатқан Нұржігіттің жанында болуым қажет болғандықтан, Құлан ауылына көштім, алдағы уақытта Нұржігіт көзін ашпағанша осы ауылда тұрамын. Осы жерден дауыс бердім».

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2,2 млн-нан астам адам дауыс берді

Орталық сайлау коммисиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты кезекті ақпаратын жариялады.

фото: Орталық сайлау коммисиясы

130 мың әскери қызметші таңдауын жасады

Үш сағаттың ішінде 130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты. Қорғаныс министрлігі осындай есеп таратты.

Министрлік мәліметінше, әскердегі сарбаздар 25 жабық сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр.

Экс-тәуелсіз кандидат Абзал Құспан дауыс берді

Экс-депутат Абзал Құспан Астанадағы 66 мектеп, 175 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Заңгер сайлау отбасылық дәстүрдің біріне айналғанын айтты. Билікке, үкіметке деген көзқарасың қандай болғанына қарамастан әр азамат дауыс беруге қатысуы міндетті дейді ол.

Қошанов дауыс берді

Бұрынғы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне келіп, құрылтай сайлауында дауыс берді.

Ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық кеңсесінің ғимараттарында орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Ішкі істер министрлігі парламент сайлауы өтіп жатқан күні елдегі жағдай тұрақты екенін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.

Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ», – дейді Алекешов.

Құрылтайға 60-тан астам елде дауыс береді

Сыртқы істер министрі Арман Исетовтің мәлімдеуінше, шетелде жүрген азаматтардың Құрылтай сайлауында дауыс беру құқығы қамтамасыз етілді. 61 елде барлығы 11 402 қазақстандық тіркелді.

Алматыда «Тұран жолбарысы» дауыс берді

Жетісу ауданы Айнабұлақ шағынауданындағы учаскеде «Тұран жолбарысының» киімін киген сайлаушы дауыс берді деп жазады kursiv.media Қазақпарат агенттігіне мілтеме жасап.

«Тұран жолбарысы» дауыс беріп болған соң, жиналғандармен тілдесіп, тұрғындармен естелік суретке түскен.

Ұлытауда 116 жастағы қария дауыс берді

Ұлытау облысында 116 жастағы Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді. Қызылжар ауылының тұрғыны еліміздің ең қарт адамы деп саналады

ОСК басшысы бюллетеньдердің суретін желіге жарияламауға шақырды

Азаматтар әлеуметтік желілерде таңдауы белгіленген сайлау бюллетеньдерін жарияламағаны жөн. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осындай ескерту жасады.

ОСК басшысы мұндай жазбалардың үгіт-насихат ретінде қабылдануы мүмкін екенін атап өтті.

«Бәрібір мұндай әрекеттерден тартынған жөн, өйткені біз сайлаушылардың таңдауына әсер етпеуіміз керек. Мен ОСК төрағасы ретінде бұған жол бере алмаймын, себебі біз әділ әрі еркін сайлауды қолдаймыз. Кез келген үгіт-насихат түріне тыйым салынған. Кеше үнсіздік күні болды, бүгін дауыс беру күні де үгіт жүргізуге болмайды», – деді ол.

Қарин мен Әшімбаев дауыс берді

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында орналасқан №129 сайлау учаскесінде президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мен бұрынғы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді.

Әзірге 16 мемлекетте учаске ашылды

Сағат 07:00-де елдің 20 өңірінде 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Бұл ретте 107 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды. Мұндай шешімді аумақтық сайлау комиссиялары қабылдады.

Дауыс беру Қазақстаннан тыс аумақтарда да басталды. Бұл уақытқа дейін 16 мемлекетте 19 учаске ашылды.

Алғашқы учаскелер Корея мен Жапонияда ашылды

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде Құрылтай сайлауына арналған сайлау учаскелері біртіндеп жұмысын бастады. Алғашқы болып Сеул мен Токиодағы саулау учаскелері өз жұмысы бастады. 

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде 422 және Токиода 425 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.

Жалпы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Республика бойынша 10 423 сайлау учаскесі, оның ішінде 61 шет мемлекеттегі 79 учаске жұмыс істейді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген.

Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауынан кейін не болады

Бюллетеньдегі партиялардың кезектілігі жеребе арқылы айқындалған:

1. «Әділет» – 186 кандидат;

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат;

3. «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 47 кандидат;

4. Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;

5. «Ауыл» партиясы – 69 кандидат;

6. Қазақстан Демократиялық «Ақ жол» партиясы – 63 кандидат;

7. «Respublica» партиясы – 75 кандидат;

Сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.

Кандидаттардың арасында – 172 әйел және 373 ер адам, мүгедектігі бар 19 кандидат және 35 жасқа толмаған 74 кандидат бар; орташа жасы – 45,4 жас.

Сайлауды өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген

Сондай-ақ оқыңыз