Құрылтай сайлауы: үш сағаттың ішінде 130 мың әскери қызметші дауыс берді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қатардағы сарбаз сайлауға қатысты
Құрылтай сайлауында дауыс берген сарбаз / фото: Қорғаныс министрлігі

Үш сағаттың ішінде 130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты. Қорғаныс министрлігі осындай есеп таратты.

Министрлік мәліметінше, әскердегі сарбаздар 25 жабық сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр.

«Дауыс беру сайлау туралы заңның талаптарына, жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы қағидаттарына, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға сәйкес өтті», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, әскери бөлімдер мен мекемелерде дауыс беру ұйымдасқан түрде, белгіленген тәртіппен және заң бұзушылықсыз өтті.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз