Шетелде 4,5 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шетелде 4,5 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді / фото: СІМ

Қазақстаннан тыс жерде Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 16:00-ге дейін 4 378 адам дауыс берді, деп хабарлайды kursiv.media.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін шетелде 78 сайлау учаскесі ашылған.

Жалпы, шетелдегі қазақстандықтар үшін 61 елдегі дипломатиялық мекемелер жанынан 79 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстанның 11 402 азаматы енгізілген.

Қазақстанда сайлауға қатысу көрсеткіші 65 пайыздан асты. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алып, өз дауысын берді.

Сондай-ақ оқыңыз