«Суретін салмаңыздар»: ОСК басшысы қазақстандықтарға маңызды ескерту айтты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
ОСК басшысы қазақстандықтарға маңызды ескерту айтты / Фото: shutterstock

Азаматтар әлеуметтік желілерде таңдауы белгіленген сайлау бюллетеньдерін жарияламағаны жөн. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осындай ескерту жасады.

ОСК басшысы мұндай жазбалардың үгіт-насихат ретінде қабылдануы мүмкін екенін атап өтті.

«Бәрібір мұндай әрекеттерден тартынған жөн, өйткені біз сайлаушылардың таңдауына әсер етпеуіміз керек. Мен ОСК төрағасы ретінде бұған жол бере алмаймын, себебі біз әділ әрі еркін сайлауды қолдаймыз. Кез келген үгіт-насихат түріне тыйым салынған. Кеше үнсіздік күні болды, бүгін дауыс беру күні де үгіт жүргізуге болмайды», – деді ол.

Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Елдің 20 өңірінде 10 363 сайлау учаскесі ашылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтары алғашқы болып Сеул мен Токиода дауыс беріп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз