Ұлытауда 116 жастағы қария дауыс берді

Ұлытау облысында 116 жастағы Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді. Қызылжар ауылының тұрғыны еліміздің ең қарт адамы деп саналады. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлайды.
Түймегүл Темірбаева 1910 жылы туған, осы жылы 116 жасқа толғанын атап өтті. Қазақ тарихындағы ең маңызды кезеңдердің куәгері болған. Бүгінде ол 15 немере 25 шөберенің әжесі.
Түймегүл қария жолдасы бойы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы бағып, өмірін ауыр еңбекпен өткізген. Әлі күнге дейін үй тірлігіне араласып, құрт қайнатып, келіндеріне қолғабыс етеді.
Ол бұған дейін де қоғамдық маңызы бар науқандарға белсене қатысқан. Соңғы республикалық референдум кезінде де дауыс беруге арналған арнайы көшпелі жәшіктің көмегімен өз таңдауын жасаған еді.
Еске салайық, бүгін елде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып Парламент Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин дауыс берді.