БАД сататындардың назарына: қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Биыл 1 қыркүйектен бастап елдегі ББҚ (биологиялық белсенді қоспа – ред.) нарығына жаңа өзгеріс енгізіледі. Енді ББҚ-ны міндетті түрде цифрлық таңбалау керек болады деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа ереже бойынша, елде өндірілетін немесе шетелден әкелінетін әрбір ББҚ қаптамасында арнайы Data Matrix штрих-коды болуы шарт. Бұл штрих-код арқылы дүкеннен немесе дәріханадан сатып алған ББҚ-ның заңды екенін, қайда өндірілгенін және мерзімін тексеруге болады. Ол үшін телефоныңызға «Naqty Onim» мобильді қосымшасын жүктеп алу керек, Data Matrix штрих-коды сол жерге енгізеді. Осылайша нарықты жалған, заңсыз өнімдерден сақтай аламыз деп түсіндіреді министрлік мамандары.

Ал 2027 жылдың 1 наурызынан бастап ББҚ өнімдерінің зауыттан бастап дәріхана немесе дүкен сөресіне дейінгі бүкіл жолы электронды түрде толық бақылап отыруға болады.

ББҚ өндірушілер не істеуі керек?

Енді ББҚ өндіруші бизнес иелері tanba.markirovka.kz порталына тіркеліп, тауарларының дерегін алдын ала жүйеге енгізуі қажет. 1 қыркүйекке дейін өндіріліп қойған немесе елге кіргізілген таңбасы жоқ БАД қорларын жарамдылық мерзімі аяқталғанша сата беруге рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Әр алтыншы қоспа қауіпті: Қазақстандағы БАД нарығының көлеңкелі тұстары

Сондай-ақ оқыңыз