Құрылтай сайлауы: Exit-poll нәтижелері жарияланды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Құрылтай сайлауы: Exit-poll нәтижелері жарияланды
Құрылтай сайлауы: Exit-poll нәтижелері жарияланды / фото: Серикжвн Ковланбаев

Қазақстанда құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелерін алдын ала есептеу бойынша экзитполдардың нәтижелері жарияланды.

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана»

Жеке қор құрылтай сайлауында 200 учаскеде дауыс берген азаматтардың нәтижелерін «exit poll» әдістемесі бойынша алдын ала есептеді. Оған сәйкес:

  • «Әділет» партиясы – 70,7%;
  • «Ауыл» партиясы – 6,4%;
  • Respublica – 5,5%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,0%;
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,2%;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,2%;
  • Бәріне қарсы нұсқасын 2,6% адам белгілеген.

Еуразиялық интеграция институты

Институттың қорытындысы бойынша:

  • «Әділет» партиясы – 71,80% дауыс жинады;
  • «Ауыл» партиясы – 6,40%;
  • «Республика» партиясы – 5,40%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,10%;
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,0%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,0%;
  • Бәріне қарсы дауыс бергендер – 1,0%.

Қоғамдық саясат институтының мәліметінше:

  • «Әділет» партиясы – 72,3%;
  • «Ауыл» партиясы – 6,2%;
  • Respublica партиясы – 5,2%;
  • «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
  • Қазақстан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы – 2,8%;
  • «Байтақ» партиясы – 0,9%;
  • Бәріне қарсы дауыс бергендер – 2,5%.

Сағат 20:00-де елде құрылтай сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды. Елдегі барлық сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты. Қазақстанда барлығы 10 363 учаске жұмыс істеді.

Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

Бюллетеньдегі партиялардың кезектілігі жеребе арқылы айқындалған. Ең көп кандидатты «Әділет» партиясы ұсынды — 186. Одан кейін Respublica — 75, Қазақстан Халық партиясы — 72, «Ауыл» — 69, «Ақ жол» — 63, «Байтақ» — 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 33 кандидат.

Сайлауды өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген.  

Бұған дейін kursiv.media Құрылтай сайлауына алдын ала келу көрсеткіші 74,19%-ды құрағанын жазған. Яғни, 9 352 151 сайлаушы бюллетень алып, дауыс берді. Барлығы сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз