Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға білім беру гранттарын беру конкурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Үміткерлер өз нәтижелерін ресми ресурстар арқылы тексере алады.
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы: https://t.me/gylym_jogary_bilim
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
- Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы: https://t.me/uto92
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам өтінім білдірген.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Бұған дейін, колледждерге бөлінген 7 мың грант игерілмей қалған еді.