Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Грант иегерлерінің тізімі шықты
Грант иегерлерінің тізімі шықты / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға білім беру гранттарын беру конкурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Үміткерлер өз нәтижелерін ресми ресурстар арқылы тексере алады.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам өтінім білдірген.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Бұған дейін, колледждерге бөлінген 7 мың грант игерілмей қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз