Құрылтайдағы 145 орын қалай бөлінуі мүмкін: саясаттанушының есебі

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала нәтиже Құрылтайдағы күштер арақатынасын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Саясаттанушы Ғазиз Әбішовтің есебінше, 145 мандаттың 110-ы «Әділетке» тиіп, қалған төрт партия бар болғаны 35 орынды бөлісуі ықтимал.
Партиялар жинаған дауыс саны:
«Әділет» – 6 528 948;
«Ауыл» – 574 621;
Respublica – 509 631;
«Ақ жол» – 478 083;
ЖСДП – 469 058;
ҚХП – 285 395;
«Байтақ» – 97 751.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішов «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабына сүйене отырып, партияларға тиесілі мандат санын есептеген.
Заң бойынша алдымен 5 пайыздық межеден өткен партияларға берілген барлық дауыс саны Құрылтайдағы мандат санына бөлінеді.
5 пайыздық межеден өткен партиялардың жалпы дауысы – 8 560 341. Бөлінетін мандат саны – 145.
Осылайша алғашқы сайлау квотасы:
8 560 341 / 145 = 59 036,83 дауыс.
Одан кейін әр партияның жинаған дауысы осы квотаға бөлінеді:
«Әділет»: 6 528 948 / 59 036,83 = 110,59 → 110 мандат
«Ауыл»: 574 621 / 59 036,83 = 9,73 → 9 мандат
Respublica: 509 631 / 59 036,83 = 8,63 → 8 мандат
«Ақ жол»: 478 083 / 59 036,83 = 8,09 → 8 мандат
ЖСДП: 469 058 / 59 036,83 = 7,94 → 7 мандат
Осы есеп бойынша бастапқыда 142 мандат бөлінеді. Тағы 3 мандат қалады.
Заңға сәйкес, қалған мандаттар бөлшек қалдығы ең жоғары партияларға бір-бірден беріледі.
Үш орын қайта айналып келіп бөлінбек
Қалдықтар:
ЖСДП – 0,94 → +1 мандат
«Ауыл» – 0,73 → +1 мандат
Respublica – 0,63 → +1 мандат
«Әділет» – 0,59 → қосымша мандат жоқ
«Ақ жол» – 0,09 → қосымша мандат жоқ
Осылайша, Ғазиз Әбішовтің есебі бойынша Құрылтайдағы 145 орын былай бөлінуі мүмкін:
Айта кетейік, сайлаудың әлі толық қорытындысы шыққан жоқ. Десе де негізгі нәтиже және қандай партиялардың 5 пайыздық межеден асқаны анықталған.