Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты бес ел президентіне алғыс айтты

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Акорда, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: Ақорда, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған бес елдің басшыларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Сондай-ақ президент Құрылтай сайлауы ел азаматтарының ынтымағын көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, халық, әсіресе өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапкершілік танытып, отаншылдықтың үлгісін көрсетті.

Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруы үздіксіз үдеріске айналған. Құрылтай сайлауының қорытындысы ел азаматтарының басым бөлігі Қазақстанның даму бағытын қолдайтынын көрсеткен.

Президент бұл қолдау әділетті, озық және таза Қазақстан құру жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға негіз болатынын айтты.

Сондай-ақ Тоқаев достас мемлекеттер басшыларына өз елдерінің тұрақты дамуына бағытталған жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруда табыс тіледі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысының атына Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық комиссия, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келген.

Сондай-ақ оқыңыз