Тоқаев Зеленскийді Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап.
Айтулы мерекеге орай жолданған жеделхатта Зеленскийді ұлттық мерекесімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.
Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесіп, құттықтады.