Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғары сот төрағаларын қызметінде қалдырды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше лауазымды тұлғаны атқарып отырған қызметіне қайта тағайындады.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы лауазымын сақтап қалса, Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.
Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымын, Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын ары қарай да атқара береді.
Айта кететін жайт, Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына кім келетіні келесі аптада немесе он күн ішінде белгілі болатынын айқан еді.