VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: билет бағалары белгілі болды

Қырғызстанда 1-6 қыркүйек аралығында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билет бағалары ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сайыстар мен мәдени шараларға билет 500-ден 4 000 сомға дейін (шамамен 2 600 – 21 000 теңге) белгіленген, сонымен бірге тегін өтетін бағдарламалар да бар.
Билет бағалары мен шаралар кестесі
Кырчын шатқалындағы мәдени және спорттық шараларды, сондай-ақ Құрманжан Датка атындағы Көшпелі цивилизация орталығын көрермендер тегін тамашалай алады.
Шыңғыс Айтматов атындағы «Рух Ордо» орталығында, «Дордой Номад» амфитеатрында және Чолпон-Ата қаласының ипподромында өтетін мәдени шаралардың билет бағасы – 500 сом.
Чолпон-Ата ипподромының жанындағы жаңа Кіші аренада өтетін финалдық ойындардың билеті – 1 000 сом.
Жабылу салтанатының билет құны (секторлар бойынша):
- Орталық жасыл сектор: 4 000 сом
- Стандартты ақ сектор: 3 000 сом
- Стандартты қызыл сектор: 2 000 сом
- Эконом сары сектор: 1 000 сом
- Эконом көк сектор: 500 сом
Билеттерді NEBS.GOV.KG Ұлттық электронды билет жүйесі арқылы онлайн немесе арнайы ресми кассалардан сатып алуға болады.