Астана әуежайында шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана әуежайында 68 жастағы ер адам шалбарын шешіп, әдепсіз әрекет жасағаны үшін сот алдында жауап берді.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, елорданың әуежайында ерекше жағдай болған. 68 жастағы ер адам металл детекторы арқылы тексеруден өту кезінде көпшіліктің көзінше шалбарын шешіп тастаған.

Елорда полициясының мәліметінше, тәртіп бұзған адам Өскемен қаласының тұрғыны екен. Оның әрекеті айналасындағыларға деген анық құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Айта кететін жайт, Петропавл әкімдігі маңындағы субұрқаққа жалаңаш түскен тұрғын жазаланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз